Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті отырысының нәтижелері бойынша Еуропалық комиссия 2022 жылғы 1 маусымда ЕО аумағында ұшуды орындауға тыйым салынған әуе тасымалдаушылардың тізімін белгілейтін (ЕК) 2006 жылғы 22 наурыздағы 474/2006 регламентін (ЕК) жаңартты.
Комитеттің өткен отырысында Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі жағдайы қаралды. Еуропалық комиссия ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша қабылдап жатқан шараларына оң баға берді.
Еуропалық комиссия қазіргі уақытта Қазақстанның әуе компанияларын қызметіне Еуропалық одақта тыйым салу қолданылатын әуе тасымалдаушылар тізіміне енгізу үшін негіз жоқ деп санайды.
Осылайша, қазақстандық әуе компанияларда Еуропа елдеріне ұшуға қандай да бір шектеулер жоқ және жақын арада жоспарланбайды. Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша Еурокомиссия өкілдерімен тұрақты өзара іс-қимылды жалғастыратын болады.