Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық атлет әлем чемпионатының финалына шықты

3 Тамыз 2022, 12:04
1809
Бөлісу:

Қазақстандық Игорь Косолапов биіктікке секіруден Калиде 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Prosports.kz  мәліметінше, финалға шығу үшін 2,16 м жолақты бағындыру немесе іріктеуде кемінде 12-ші орын алу қажет болды. Екінші мүмкіндігінде 2,08 м биіктікті бағындырған Косолапов қорытынды хаттамада 4-орынға ие болып, Қазақстан уақыты бойынша тамыздың 5-інен 6-сына қараған түні өтетін финалға жолдама иегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы