Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық әскерилер тұрғын үй төлемінің азаюына қарсы: петиция жарияланды

8 Тамыз 2025, 13:56
1551
Бөлісу:
 depositphotos
Фото: depositphotos

Қазақстандық әскери қызметкерлер тұрғын үй төлемінің шарттарын өзгертпеуді талап етуде. Әскери қызметкерлерді қолдау жөніндегі петиция қолдауға ие болуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Gosrating.com платформасында Қазақстан әскери қызметкерлерінің тұрғын үйге қатысты төлемдердің қазіргі тәртібін сақтап қалуды талап еткен петициясы жарияланды.

Петиция авторы – Гүлнұр Қалелова.

Әскери қызметкерлердің негізгі талаптары мыналар:

• Тұрғын үй төлемдерінің қазіргі шарттарын нашарлатпай сақтау;
• Қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлерге қатысты бұрынғы мерзіммен (яғни, кері күшімен) өзгерістер енгізуге жол бермеу;
• Кез келген реформа әзірлеу кезінде әскери қызметкерлердің пікірін ескеру;
• Қорғаныс министрлігі, әскери қызметкерлер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық талқылау өткізу.

Біз мемлекет өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін күн сайын өмірін қатерге тігетін әскери қызметкерлер алдындағы міндеттемелерін толық орындауы тиіс деп есептейміз, – делінген петиция мәтінінде.

Бүгінгі күнге дейін бұл бастаманы 1569 адам қолдап, 505 адам қарсы дауыс берген.

Еске сала кетейік, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін жеке депозиттік шотқа аударуға тыйым салынатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы