Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайдағы турнирде көш бастады

Бүгiн, 21:45
115
Бөлісу:
 Сурет: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Фото: Сурет: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің алғашқы күнін сәтті аяқтады. 48 мемлекеттің 109 командасы қатысқан жарыста еліміздің төрт командасы да үздік ондыққа енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнир кестесінде Kazakhstan C командасы бірінші орынға шықса, Kazakhstan D екінші орынға тұрақтады. Kazakhstan B төртінші орында, ал Kazakhstan A оныншы орыннан көрінді.

Сондай-ақ Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орынға ие болып, әйелдер арасындағы ең жоғары нәтижені көрсетті.

Командалар құрамына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері кірген.

Бес күнге созылатын халықаралық турнир 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы