Түркістан облысының бес жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтын Сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фестивальге алыс-жақын шетелден 70-ке жуық анимациялық фильмдер қатысуға ұсыныс білдірген. Түркістанда өткен фестивальге 30 анимациялық фильм жолдама алған.
Олардың ішінде Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдері бар.
Ұйымдастыру алқасы мен «Қазақстан аниматорлар одағы» мамандарынан құралған «сараптама кеңесінің» шешімімен 30 анимациялық фильм фестивальге қатысуға жолдама алған,
Қазылар алқасы шешімімен отандық «Айбынды аула» анимациялық фильмі гран при иеленді. Жүлделі І орын отандық «Бақашабақ» анимациялық фильмі және түркиялық «Капитан Пенгу», жүлделі ІІ орын өзбекстандық «Кенже Батыр» және «Қажымұқан» , жүлделі ІІІ орын әзірбайжандық «Тарихқа оралу» мен отандық «Марғау мен Мақта қыз» анимациялық фильмдеріне бұйырды, – делінген хабарламада.