Қазақстандағы тасқын жаһандық жылыну әсерінен болды

30 Сәуір 2024, 21:31
593
Бөлісу:
Қазақстандағы тасқын жаһандық жылыну әсерінен болды
Фото: скрин

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазір әлемде климаттық өзгерістер болып жатыр. Елімізде болған су тасқыны жаһандық жылынудың әсерінен болды. Қыс мезгілінің жылы болуы мұның бір көрсеткіші, - деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, бұл – дүниежүзілік деңгейде соңғы 80 жылдағы ең үлкен апат. Сонымен қатар, әлемнің бірқатар елі қызыл судың құрсауында қалып, тасқынмен арпалысып жатыр.

Қытайдың Гуандун провинциясын тасқын жайлап, тегеурінді су төңірегін жайпады. Апаттан 4 адам опат болып, 11 тұрғын жоғалып кеткен. Испанияның бірқатар аумағында Нельсон дауылы ойран салып, 4 адамынан айырылды. Британияны да Кэтлин дауылы қос бүйірден ұрды. Арты тасқын. Үндістанда құмды дауыл. 5 адам ажал құшып, 400-дей тұрғын жараланған, - деп хабарлады 7 арна.

Өзгелердің жаңалығы