Қазақстандағы кітапсүйер өңірлер анықталды

Кітапханаға барып, кітап оқитын уақытыңыз бар ма?

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 17:50
Бүгiн 2026, 17:50
179
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

2026 жылдың алғашқы үш айында қазақстандықтар кітапханаға 11 миллионнан астам рет барған. Статистика бойынша, ең көп оқырманы бар аймақтар анықталды. Тізім басында Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстары тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан кітапханаларына келушілер саны 11 121 048 адамды құрады. Бұл көрсеткіш ел бойынша кітапхана қызметі мен кітап оқуға қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Статистикалық деректерге сәйкес, келушілер саны бойынша өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы кітапханаларға 967 458 адам, Түркістан облысына 760 261 оқырман, Ақмола облысына 713 640 адам келген, - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Мамандардың айтуынша, өңірлік кітапханаларда ұйымдастырылатын мәдени-ағартушылық іс-шаралар, әдеби кездесулер, оқырман клубтары мен жаңа кітаптар келушілер санының артуына ықпал етті.

Сонымен қатар I тоқсан қорытындысы бойынша қазақстандық оқырмандар арасында сұранысқа ие болған кітаптар тізімі де анықталды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды. 

Наверх