Қазақстандағы кедендік бақылау қазір қандай деңгейде?

11 Тамыз 2023, 08:00
1695
Бөлісу:
Қазақстандағы кедендік бақылау қазір қандай деңгейде?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ baq.kz

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны еліміздегі кедендік бақылау саласына арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2011 жылы Кеден одағы құрылып, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасындағы кедендік бақылау алынып тасталды. Кеден қызметі тексерістерді азайтуға күш салып жатыр. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 40 пайызға төмендегенін де айта кетейік.

Жалпы кеден саласы - Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды саяси-экономикалық құрылым. Сондай-ақ отандық және әлемдік экономиканы байланыстыратын басты құрал деуге болады.

Тәуелсіздік жылдарынан бастап еліміздің экономикалық мүддесін қорғау жолында қалтқысыз қызмет еткен бұл сала ел табысын еселеуге елеулі үлес қосқаны да сөзсіз.

Осы орайда бұл салаға цифрландыру қалай әсер етіп жатыр? Кедендегі операция уақытын 4 сағатқа дейін қысқарту мүмкін бе? Қазақстан Қытай, Түркия, Иран сияқты елдермен ақпарат алмасады деген рас па? Осы және өзге де сұрақтарға бүгінгі бағдарламаның сарапшылары мен қонақтары жан-жақты жауап берді.

Еске сала кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен санында салық мәселесі қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы