Қазақстандағы ғалымдардың көбі 40 жасқа толмаған

Кеше, 11:06
415
Бөлісу:
Қазақстандағы ғалымдардың көбі 40 жасқа толмаған
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі ғалымдарға қандай жағдай жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалым, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі. Бұрын 3 жылда бір өткізілетін. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі таңда 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2 361 ғылыми жоба (оның 835-і жас ғалымдарға тиесілі) және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1 475 ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті, - дейді министрі Үкімет отырысында.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінгі таңда жас ғалымдарға арналған гранттық конкурстар арқылы 2 000-нан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асырып жатыр.

Министрлік қаржыландыратын әрбір жобада жас ғалымдардың үлесі кемінде – 30%. Жас ғалымдарды қолдау күшейтілді: 351 пәтер берілді. Ғылыми дәрежелер мен атақтар үшін қосымша төлемдер артты, халықаралық тағылымдамалар жалғасуда. Жыл сайын 50 "Үздік ғылыми қызметкер" сыйлығы, ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар және 50 талантты жас ғалымға стипендия бөлінеді. Қолданбалы зерттеулер саласында жұмыс істейтін ғалымдардың жалақысына арттыру коэффициенті енгізілді. Жыл сайын "Жас ғалым" гранттық қаржыландыру конкурсы өткізіледі, - деді ғылым министрі.

Өзгелердің жаңалығы