Қазақстандағы әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады

25 Маусым 2024, 12:05
459
Бөлісу:
Қазақстандағы әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады
Фото: ОКҚ

Елімізде жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері жиі орын алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Парламентаризм Институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен айтты.

Сарапшылардың пікірінше қалада да, ауылда да тұратын қазақстандық әйелдердің репродуктивті мінез-құлқының қазіргі тенденциялары бірдей. Олар жастарға аз балалы болуға артықшылық беру, балалардың жасы ұлғайған сайын туылуы, жас әйелдердің жүктілігін жиі жасанды түрде тоқтату болып табылады.

Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны 7 миллионды құрайды. Оның ішінде ұлдар- 51,3%, қыздардың үлесі - 48,7%-ды көрсетіп отыр. Аталмыш тенденциялар бедеулік, туылатын балаларда әртүрлі аурулар секілді ауыр зардаптарға әкеледі. Мұндай мәселелер жасөспірім қыздар мен әйелдердің репродуктивті мінез-құлқының барлық факторлары мен ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді, - дейді Ләззат Сүлеймен. 

Расымен дәрігерлер әйелдер арасында онкологиялық аурулардың өсуі байқалатынын айтады. Сондай-ақ соңғы жылдары жатыр мойны обыры және сүт безі обырымен ауыратын науқастардың саны артқан.

Өзгелердің жаңалығы