Елімізде смартфон сатып алу қарқыны 2022 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеген, әр отбасыға шаққанда 5 телефоннан айналады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстандағы электрондық коммерция нарығы: аналитика және болжамдар» баспасөз мәслихатында Freedom Mobile сарапшысы Біржан Смажан айтты.
Зерттеу нәтижесіне келер болсақ, 2023 жылы елімізде 3 749 000 смартфон сатылған. Оның көшін Android телефондары бастап тұр. Бұл көрсеткіш 2022 салыстырғанда 11%-ға төмендеген, әр отбасыға шаққанда 5 телефоннан айналады. Еліміз бойынша смартфондардың орташа құны - 214 000 теңге. Дегенмен әр өңірде баға әртүрлі болған, - дейді Біржан Смажан.