Бір жылда елдегі жылқы басы 160 мыңға өсті. Бүгінде елде 4 млн 300 мыңнан астам жылқы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оның 10 пайыздан астамы Түркістан облысында. Өңір шаруашылықтары 475 мыңға жуық қылқұйрықты өсіріп отыр. Екінші орындағы Абай облысында – 401 мың жылқы. Алдыңғы үштікті Қарағанды облысы түйіндейді. Облыс аумағында 379 мыңға жуық жылқы жайылып жүр. Сонымен қатар Ақтөбе облысындағы жылқы саны 329 мыңнан асты. Батыс Қазақстан облысында 300 мыңнан асады. Ал жылқы саны аз өңірлер үштігіне Атырау, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары еніп отыр.