Қазақстанда жыл сайын 200 мыңнан астам адам қан тапсырады

Донорлық қан күн сайын операцияларға, ауыр науқастар мен жаңа туған сәбилерге көмек көрсету үшін пайдаланылады.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 20:53
Бүгiн 2026, 20:53
255
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні. Қазақстанда жыл сайын 200 мыңнан астам адам донор болып, медициналық ұйымдарды науқастарға қажет қан компоненттерімен қамтамасыз етуге үлес қосады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донорлардың ең көп саны Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген. Бұл аталған қалалардағы халық санының көптігімен және ірі медициналық орталықтардың донорлық қанға деген жоғары сұранысымен байланысты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде қан мен оның компоненттерін тапсырудың 255 255 жағдайы тіркелді. Бұл азаматтардың жоғары әлеуметтік жауапкершілігін және қан қызметінің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Донорлық қан күн сайын күрделі операциялар жасау кезінде, онкологиялық ауруларды емдеуде, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, ауыр жарақат алған науқастарға және жаңа туған сәбилерге медициналық көмек көрсету барысында пайдаланылады.

Донорлық қозғалысты дамытуда құрметті донорлардың орны ерекше. Олар – қан мен оның компоненттерін 50 реттен астам тапсырған азаматтар. Адам өмірін сақтауға және өтеусіз донорлықты дамытуға қосқан үлесі үшін олардың көпшілігі Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградасымен марапатталған.

Ведомство сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес донорлар медициналық тексеруден өтетін және қан тапсыратын күні орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылатынын еске салды.

Елімізде жыл сайын 180 мыңнан астам азамат 255 мыңнан астам рет қан тапсырады. Соның арқасында 80 мыңнан астам науқасқа сапалы қан құю қызметі көрсетіледі.

Қан орталықтарының мәліметінше, Дүниежүзілік қан доноры күні қоғамның назарын ерікті әрі өтеусіз донорлық мәселесіне аударуға мүмкіндік беретін маңызды күн болып саналады.

Наверх