Қазақстанда жолдар пилотсыз көлік құралдарын енгізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық құжаттарын қалыптастыруда. Бұл алдағы уақытта пилотсыз көлік құралдарын енгізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі.
ЖАСҰО жүйесі – Smart Road Diagnostic System 7 ақауды 95 пайыз дәлдікпен анықтайды. Яғни 100 шақырымға диагностика 4 сағатты құрайды. Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71 бірлігі іске қосылды, – деді Көлік министрі.
Еске салайық, бұған дейін вице-премьер Қанат Бозымбаев ел өңірлеріндегі су тапшылығы туралы айтты.