Қазақстанда жайылым тапшылығы 8 млн гектардан 3 млн гектарға дейін азайды

 pixabay 13 Қазан 2026, 22:50
13 Қазан 2026, 22:50
172
Фото: pixabay

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда берген тапсырмасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару және қайта бөлу жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі басымдық ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жасауға берілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Бүгінде мемлекетке 13 млн гектар жер қайтарылды. Оның 5,5 млн гектары қоғамдық жайылым ретінде пайдалануға әкімдіктердің қарамағына берілді. Осылайша, жайылымдық жер тапшылығын 8 млн гектардан 3 млн гектарға дейін азайтуға қол жеткіздік, – деді Азат Сұлтанов.

Сондай-ақ қайтарылған 5 млн гектар жер ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарына қоғамдық жайылым ретінде пайдалануға берілгені атап өтілді.

Наверх