Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарау жиілеп кеткен

17 Ақпан 2023, 17:25
1312
Бөлісу:
Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарау жиілеп кеткен

2022 жылдың қаңтарында тіркелген жануарларға көрсетілген қатыгездікке қатысты қылмыс саны бір жыл бұрын 5 болса, биыл 8-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Finprom.kz-тің талдауынша, балық ресурсын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру саласындағы құқық бұзушылықтар былтырғы қаңтар айда 9 болса, биыл олардың саны 11.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу саласында бір жыл бұрын 12 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, биыл олардың саны 17.

Заңсыз аңшылық саласындағы құқық бұзушылықтардың саны, керісінше, 2021 жылғы қаңтардағы 17 жағдаймен салыстырғанда 12 жағдайға дейін азайды.

Өңірлер бойынша жануарларға қатыгездікпен қарауға байланысты қылмыстық құқық бұзудың басым бөлігі Павлодар облысында тіркелген: қаңтарда 3 жағдай. Ал бір жыл бұрын бірде-бір дерек тіркелмегеніне қарамастан.

Балық ресурстарын заңсыз өндіруде құқық бұзушылықтар Қарағанды облысында көп тіркелді: бір айда 5 дерек, бір жыл бұрын 3 дерек тіркелген.

Заңсыз аңшылықта Жетісу облысы ерекшеленді: қаңтар айында 3 рет құқық бұзылған.

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу фактілері Ақтөбе облысында көп тіркелді: 4 рет құқық бұзылған. Ал өткен қаңтарда бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген.

2023 жылғы 8 ақпанында Алматыда жануарларды ұстау, уақытша ұстау, өлтіру, сондай-ақ үй жануарларын ұстау және серуендеудің жаңа ережелері күшіне енген болатын.

Жаңа ережеге сәйкес, аулау азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін жануарды жарақаттамай, адамгершілік тәсілдермен жүзеге асырылуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы