Қазақстанда жануарларға қамқорлық танытуға бағытталған акция бастау алды

1 Шілде 2022, 19:06
2155
Бөлісу:
Қазақстанда жануарларға қамқорлық танытуға бағытталған акция бастау алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық акциясы жануарларға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жалпыұлттық жобасы аясында өткізіледі.

Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Green help» қоғамдық бірлестігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жануарларға қамқорлық танытуға бағытталған акцияың басталғаны туралы хабарлады.

Қайырымдылық акциясының шарттарына сәйкес қайта өңдеу кәсіпорындары мен шикізатты қабылдайтын ұйымдар үш ай бойы жануарларға арналған орындардың пайдасына қағаз, пластик, электрондық қалдықтарды қабылдайтын болады.

Қазақстанда жануарларға қамқорлық танытуға бағытталған акция бастау алды

Қайырымдылық акциясы бастау алған Петропавл қаласында «Green help» ҚБ «РиМ-Қазагро» ЖШС-мен, «СҚО-ВторРесурс» ЖШС-мен, сондай-ақ «Ақ Бим» ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.  Акция барысында жиналған қаржы соңғысының шотына бағытталатын болады.

Қазақстанда жануарларға қамқорлық танытуға бағытталған акция бастау алды

Акция арқылы біз «Ақ Бим» ұйымына көмектесіп қана қоймай, адамдардың назарын иесіз қалған жануарлардың проблемаларына, жануарларға арналған орындарды ұстауға аудартқымыз келеді, тұрғындарды жануарларға жауапкершілікпен қарауға шақырғымыз келеді. Сонымен қатар, Петропавл тұрғындары біздің қайырымдылық акциясына қатысып, жануарларға көмектесіп қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қоса алады. Осылайша тұрғындар қалдықтарды қайта өңдеуге жіберіп, оларға  екінші өмір сыйлайды. Мұндай іс-шараларды біз Алматы, Нұр - Сұлтан, Шымкент қалаларында да өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді жоба менеджері Қайыржан Айсин.

Қазақстанда жануарларға қамқорлық танытуға бағытталған акция бастау алды

Еске салайық, «Birgemiz: Аyala» жалпыұлттық жобасы 2024 жылға дейін іске асырылады. Жоба операторы – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Өзгелердің жаңалығы