Қазақстанда жаңа ақша түрі пайда болды

Цифрлық теңгенің құқықтық негізі бекітіліп, оны кеңінен енгізу жоспары әзірленді.

Бүгiн 2026, 19:09
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 19:09
Бүгiн 2026, 19:09
171
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанда ұлттық валютаның үшінші нысаны – цифрлық теңгені енгізу жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейту мақсатында Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп цифрлық теңгені енгізу және пайдалану жұмыстарын жүргізіп келеді.

Вице-министр цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қолсыз ақшамен қатар ұлттық валютаның үшінші нысаны екенін атап өтті.

Бүгінде цифрлық теңге платформасының құқықтық мәртебесі мен оның жұмыс істеу тәртібі заңнамалық тұрғыда бекітілді. Айналымға шамамен 339 млрд цифрлық теңге шығарылды, - деді Әсет Тұрысов.

Оның мәліметінше, цифрлық теңге негізінде мемлекеттік сатып алулар, инфрақұрылымдық жобалар, субсидиялау және салықтық әкімшілендіру бағыттарын қамтитын 20-дан астам пилоттық жоба іске асырылған.

Қазір цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейту және платформаға жаңа қатысушыларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы мақсатта жобаны ауқымды түрде енгізу үшін сегіз бюджеттік специфика айқындалған.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, цифрлық теңгені пайдалану бюджет қаражатының қозғалысын ашық бақылауға, оның мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қаржының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Наверх