Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, елімізде қолдан жасалған банкноттар айналымы күрт өскен. Осы орайда Ұлттық банк 2025 жылы анықталған жалған ақша белгілері туралы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2025 жылы 1 122 150 теңгенің 206 жалған ақша белгісін (203 банкнота және 3 монета) анықтады. Бұл 2024 жылмен (108 жалған ақша белгісі) салыстырғанда 90,7%-ға көп.
Қолдан көп жасалғаны – номиналы 5 000 теңгелік банкнота – 174 дана. Анықталған жалған ақшалардың жалпы саны бойынша үлесі – 84,5%. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 22 дана (10,7%). 2 000 теңгелік банкнотадан 6 дана (2,9%) анықталса, 20 000 теңгеліктен – 1 дана (0,5%), қалған 1,4% – монеталар, - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Ұлттық Банк шын ақшаны қолдан жасалған банкноталардан ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады.
Жалған түрі Түпнұсқасы
Жалған банкнота әдетте жай ғана офсеттік қағаздан жасалады және компьютерлік техника мен түрлі түсті принтер қолданылады.
5000_1.png
Жалған түрі Түпнұсқасы
Майда жазулар бұлдыр келеді және бірнеше есе үлкейткенде тану мүмкін емес.
5000_2.png
Жалған түрі Түпнұсқасы
Қолдан жасалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.
5000_3.png
Жалған түрі Түпнұсқасы
Патч элементінің көлемі анық емес, себебі ол жай ғана бояумен кескінделеді, сәуле таралғанда голографиялық әсері сезілмейді және номинал бейнесі ою-өрнекке ауыспайды.
5000_4.png
Жалған түрі Түпнұсқасы
Қорғаныш жібінің динамикалық әрі түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосқанда біртұтас емес.
5000_5.png
Шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар. Оларды Ұлттық Банктің ресми сайтынан оқып білуге болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізеді және қолма-қол ақшаны пайдаланғанда азаматтарды мұқият әрі сақ болуға шақырады.
Күмәнді, соның ішінде түр-түсі шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар кезіккен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар берген дұрыс.