Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны табыс ретінде есептеуге тыйым салу ұсынылды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
25 Маусым 2025, 16:27
519
Бөлісу:
 жасанды интеллект
Фото: жасанды интеллект

Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков Қазақстандағы әлеуметтік жағынан осал топтардың қаржы ұйымдарының қысымынан зардап шегіп жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол өзінің депутаттық сауалын Қаржы нарығын реттеу агенттігіне, Әділет министрлігіне және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдады.

Қазір елімізде 3,2 миллионнан астам азамат әлеуметтік осал санатқа жатады. Бұл – зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар. Олардың зейнетақысы мен жәрдемақысы өмір сүру үшін арналған. Бірақ, өкінішке қарай, ол қаражат несие жабуға жұмсалып, азаматтар күнкөріс деңгейінен төмен жағдайда қалып отыр, – дейді депутат.

Ол мынадай мысалдар келтірді:

  • Алматыда ІІ топтағы мүгедек Жантөре Ходжабергеновтен сот шешімімен 15 млн теңге өндірілген. Жеке сот орындаушысы оның мүгедектік зейнетақысынан 100% ұстап отырған.
  • Ирина Скрипникова – 72 жастағы зейнеткер. Алаяқтардың құрбаны болып, тек зейнетақымен өмір сүріп отырғанына қарамастан тұтынушылық несие алған.

Депутат ұсынысы:

  1. Әлеуметтік осал топтарға жеңілдетілген банкроттық рәсімін енгізу (12 ай күту талап етілмей).
  2. Зейнетақы мен жәрдемақыны табыс ретінде есептеуге тыйым салу.
  3. Несие қарыздары бойынша зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерден өндіріп алуға заң жүзінде тыйым салу.

Біз осал азаматтарды банктер мен ломбардтар үшін табыс көзі емес, қорғауды қажет ететін адамдар ретінде қарауымыз керек, – дейді депутат Стамбеков.

Депутат осал топтардың қарыз жүктемесін толық зерттеді, жеке жағдайларды типтік мысал ретінде талдап, жүйелі шешімдер ұсыну және әлеуметтік төлемдердің қаржылық қорғанын күшейту керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы