Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева виртуалды байланыс операторлары жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, бұл халықаралық тәжірибе.
Бұл оператор уәкілетті органға өз жұмысының басталғаны туралы хабарлама жібереді. Бірақ ол байланыс инфрақұрылымының иесі ретінде лицензия алмайды. Яғни ол іс жүзінде қолданыстағы байланыс операторларынан трафикті жалға алады. Бірақ оның артықшылығы неде? Яғни ол операторлардың шектеусіз санымен келісім жасай алады, ол барлық оператормен келісім жасай алады, - деді депутат.
Смышляеваның айтуына қарағанда, оның әмбебап SIM-картасы жақын антеннадан байланысты ұстайды.
Бұған дейін заң жобасының нормалары жайлы айтқан едік.