Сапасыз көлік пен онлайн курстар: Тұтынушылар 405 млн теңгеден астам қаражатын қайтарып алды

Тұтынушылар өз ақшасын қалай қайтарды?

 gov.kz Бүгiн 2026, 12:04
Бүгiн 2026, 12:04
225
Фото: gov.kz

Қазақстанда биылғы алғашқы үш айда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында 405,6 млн теңге көлеміндегі қаражат азаматтарға қайтарылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитеттің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Комитет пен аумақтық департаменттер 22 мыңнан астам өтініш қараған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,7%-ға көп. 2025 жылдың алғашқы үш айында 14 мың өтініш тіркелген.

Ведомство мұндай өсімді халықтың құқықтық сауаттылығының артуымен байланыстырады. Соңғы уақытта жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары азаматтардың өз құқықтарын белсенді талап ете бастауына әсер еткен.

Ең көп шағым бөлшек саудаға қатысты

Статистикаға сәйкес, шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда саласына тиесілі.

Бұл бағытта 8,5 мың өтініш түскен, яғни барлық арыздың 38%-ын құрайды.Екінші орында электрондық сауда саласы тұр – 4,1 мың өтініш немесе 18,3%.

Одан кейін:тұрмыстық қызметтер –2 мың өтініш (9,1%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1,6 мың өтініш (7,3%),байланыс қызметтері – 704 өтініш (3,1%);туристік, білім беру, қоғамдық тамақтану, қаржылық қызметтер мен көлік салалары бойынша да көптеген шағым тіркелді,- деді ол.

Комитет дерегінше, келіп түскен өтініштердің нәтижесінде 7,3 мың азаматтың талабы қанағаттандырылған. Бұл жалпы өтініштердің 32,6%-ын құрайды.

Комитет мәліметінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушылардың ақшасын қайтару, тауарды айырбастау және сапасыз қызметтерді өтеу бойынша жүздеген азаматтың құқығы қорғалған.

Ведомство резонанс тудырған істерді үш негізгі критерий бойынша бақылауға алады:

  • шығын көлемі 5 млн теңгеден асатын жағдайлар;
  • бір мәселе бойынша бес және одан көп тұтынушының құқығы бұзылған істер;
  • азаматтардың құқықтары жаппай бұзылған жағдайда сотқа талап қою арқылы белгісіз тұтынушылар тобының мүддесін қорғау.

Автосалондарға қатысты дау көбейген

Комитеттің дерегіне сәйкес, 5 млн теңгеден астам шығынмен байланысты істер бойынша 18 тұтынушының құқығы қорғалып, жалпы 190 млн теңге қайтарылған.

Талдау нәтижесінде мұндай даулардың басым бөлігі автосалондардың қызметіне қатысты екені анықталған. Мұндай жағдайлар 10 өңірде тіркелген.

Мәселен, Шымкент қаласында тұрғын 11,5 млн теңгеге көлік сатып алған. Алайда көлікті пайдалану кезінде беріліс қорабынан ақау шыққан. Тұтынушы автосалонға жүгінгенімен, оның талабы қанағаттандырылмаған. Кейін Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті іске араласып, сотта тұтынушының мүддесін қорғаған. Соның нәтижесінде азаматқа толық көлемде қаражат қайтарылды, - деді ол.

Онлайн курс пен косметология қызметіне қатысты шағымдар артқан

Бүгінге дейін 31 азаматтың құқығы қорғалып, 4,2 млн теңге қайтарылған.

Павлодар облысында сапасыз косметологиялық өнімдер мен қызметтерге қатысты бес тұтынушыға 2,4 млн теңге өндірілды. Ал Жамбыл облысында онлайн курс ұйымдастырушылары көрсетілмеген немесе сапасыз қызмет үшін ақшаны қайтарудан бас тартқан. Департаменттің көмегімен алты тұтынушыға 1 млн теңге қайтарылды, - деді Таңабергенов.

Еске салайық, бұған дейін «Тұтынушыларды кім қорғайды?» деген Ринат Зайыт министрді сұрақтың астына алды.

Наверх