Қазақстанда темекі өніміне ең төменгі бөлшек баға белгіленді

12 Маусым 2023, 01:15
1041
Бөлісу:
Қазақстанда темекі өніміне ең төменгі бөлшек баға белгіленді
Фото: baq.kz

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №621 Бұйрығымен сүзгісіз 20 темекіге және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек баға белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Жаңа баға – 710 теңге 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап құны 770 теңгеге дейін көтеріледі. Қазіргі уақытта темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасы 650 теңгені құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы