Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда тағы бір сала мамандарының жалақысы өсуі мүмкін

Бөлісу:
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Сенаттағы Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин “Ветеринария” бағыты бойынша кадрларды даярлау, гранттар мен мемлекеттік тапсырыс мәселелерін баяндап, саладағы жетістіктер мен жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенаттағы “Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметі: жай-күйі және даму перспективалары” атты Үкімет сағатында кадрларды даярлау мен ветеринариялық қауіпсіздік бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бүгінгі таңда “Ветеринария” бағыты бойынша кадрларды 11 жоғары оқу орны даярлайды, оның ішінде 3-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде. 2025 жылға бөлінген 1001 гранттың 77,5%-ы осы оқу орындарына берілді.

Өту балдары:
• жалпы конкурс бойынша – 62 балл,
• ауылдық квота бойынша – 56 балл.

Вице-министрдің айтуынша, кадр даярлауда шешілетін басты міндеттер:
• Студенттердің стипендиясын педагогикалық бағыттағы деңгейге дейін арттыру және ҰБТ балдарын біртіндеп көтеру;
• Ауылдық квотаны 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту;
• Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жіберетін нысаналы гранттардың үлесін арттыру;
• Мемлекеттік тапсырысты тек қажетті материалдық базаға (клиникалар, виварийлер) және заманауи жабдықтары бар жоғары оқу орындарында жүзеге асыру;
• 1 жылдық оқу мерзімімен 3 жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде бейінді магистратура арқылы ветеринариялық кадрларды қайта даярлау.

Бұл шаралар қазіргі заманғы зертханалық жабдықтарда жұмыс істей алатын, ветеринариялық қауіпсіздік процестерін талдай алатын және өз саласы бойынша мамандана алатын білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті жастарды тарту үшін де жағдай жасалады, – деді Бердалин Үкімет сағатында.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджет комиссиясы ветеринариялық мамандардың жалақысын көтеру үшін 22 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды бекітті.

Өзгелердің жаңалығы