Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне квота бекітілді: Кімге қанша рұқсат берілді?

Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Елімізде ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2026 жылға арналған жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына шаққанда 0,25% мөлшерінде бекітілді.

Квота төрт санат бойынша бөлінген:

  1. Басшылар мен олардың орынбасарлары – 726 рұқсат.
  2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары – 3 402 рұқсат.
  3. Мамандарды тарту – 5 893 рұқсат.
  4. Білікті жұмысшылар – 3 131 рұқсат.

Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 4 994 адамға дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға мүмкіндік қарастырылған.

Бұдан бөлек, 2026 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істейтін еңбек эмигранттары үшін квота республикадағы жұмыс күшінің санына шаққанда 2,9% деңгейінде белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы