Қазақстанда сенбіде 40 градусқа дейін ыстық болады

22 Шілде 2023, 08:05
723
Бөлісу:
Қазақстанда сенбіде 40 градусқа дейін ыстық болады
Фото: BAQ.KZ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 шілдеде Қазақстанның 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 22 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 22 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. 22-24 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 22 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 22 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. 22 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 22 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 22 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 22 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22 шілдеде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 22 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 22 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінле 37 градус қатты ыстық күтіледі. 22 шілдеде облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. 22 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүтік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 22 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы