Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысының салық есептілігі нысандарын қысқарту жөніндегі тапсырмалары орындалып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа Салық кодексінің жобасын ұсына отырып, вице-премьер Президенттің осы бөлімдегі барлық тапсырмалары нақты жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Бізде небәрі 12 салық болды, ал қазір 11. Басқа елдердегідей 30 салық емес, бұл жақсы нәтиже. Салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқарды, бұл өте жақсы жеңілдік. Жалпы алғанда, жүйенің толығымен ашықтығын аңғаруға болады. Мен салық комитетінің барлық ақпараттық ресурстарын қарадым. Ақпараттандыру өте жоғары деңгейде, ал қазір біз мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысына жасанды интеллект енгізу туралы айтып отырмыз. Менің ойымша, бұл инвесторлар үшін жақсы ынталандыру болады. Жеңілдетілген салық жүйесі біздің елімізге инвесторлардың келуіне ықпал етеді, — деп атап өтті Серік Жұманғарин.