Қазақстанда «резервтегі адам» ұғымы енгізілуі мүмкін

28 Желтоқсан 2022, 10:27
1032
Бөлісу:
Қазақстанда «резервтегі адам» ұғымы енгізілуі мүмкін

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан заң жобасын қысқаша таныстырды.

Бұл заң жобасы жұмылдыру кезеңінде, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай кезеңінде қарулы күштерді әскери оқытылған резервшілермен кепілді толық жасақтауды регламенттеуге бағытталған. Өзгерістер мен толықтырулар резервте әскери қызмет өткерумен байланысты, атап айтқанда «резервтегі адам» ұғымы енгізіледі, резервтегі әскери қызметке кіру және оны өткеру тәртібі, резервтегі адамның құқықтары мен міндеттері және оны әлеуметтік қамтамасыз ету айқындалады, - деді комитет төрағасы.

Мәжіліс қаулының жобасын дауысқа салып, оны жұмысқа қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы