Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы аяқталды

29 Маусым 2024, 18:39
428
Бөлісу:
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы аяқталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен репродуктивті денсаулық апталығының қорытындысы бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. 

Сарапшылар халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шаралар кешенін талқылады. 

Апталық акция аясында ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар, емханалардағы ашық есік күндері, челлендждер, жасөспірімдерге арналған тегін тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылды. 

Аталмыш іс-шаралар репродуктивті денсаулықты нығайту және қауіп факторы туралы халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталған; салауатты өмір салтын насихаттау және аурудың алдын алу; репродуктивті денсаулық саласындағы ақпарат пен медициналық қызметтерді қолжетімді ету. 

Айта кетейік, 2023 жылы ҚР МАМ отбасылық құндылықтарды нығайту және отбасы институтын дамыту мақсатында 5 гранттық жоба бекітті. Жоба ерте жүктілік, түсік түсіру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау туралы жасөспірімдердің сауатын арттыруға бағытталған. Аталмыш бастаманы жүзеге асыру үшін 350 волонтер оқытылды.

Өзгелердің жаңалығы