Қазақстанда қызмет көрсететін базалық платформа әлсіз – Мин Сун Йонг

14 Сәуір 2022, 12:27
1854
Бөлісу:
Қазақстанда қызмет көрсететін базалық платформа әлсіз – Мин Сун Йонг
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің (MOIS) цифрлық ресурстар саясаты басқармасының директоры Мин Сун Йонг цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік конференциясының кулуарында айтты.

Орталық Азия мен Қазақстандағы цифрлық жағдай 2021 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсарды. Мен кемшіліктері туралы айта алмаймын. Себебі Қазақстанда азаматтардың қолайлы қызмет алуына барлық жағдай бар. Сондықтан Қазақстан Орталық Азия бойынша ғана емес, әлем бойынша көшбасшылық қасиетін көрсетеді деп ойлаймын, - деді ол.

Мин Сун Йонг Кореяда қызмет көрсету тәжірибесін мысалға келтірді.

Корея айтарлықтай шағын мемлекет, бізде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған база нық тұр. Оған барлық мемлекеттік қызмет шоғырланған. Қазақстанда кейбір қызметтің азаматтарға қолжетімсіз болуының себебі: негізгі базалық платформаның әлсіз  болуы, - деді ол.

Мин Сун Йонгтің айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін осы салаға бөлінетін бюджетке ерекше назар аудару керек.

Өзгелердің жаңалығы