Қазақстанда Қытайдың дәстүрлі медицинасын енгізу қарастырылды – Ван И

7 Маусым 2022, 12:28
1523
Бөлісу:
Қазақстанда Қытайдың дәстүрлі медицинасын енгізу қарастырылды – Ван И
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрі-Мемлекеттік Кеңес мүшесі Ван И Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесуінде айтты. 

Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қарым-қатынасты Қазақстан мен Қытай арасында жалғастырамыз. Қазақстан мен Қытайда екі елдің консулдықтарын салу мәселесі туралы айтылды. Қазақстанда Қытайдың дәстүрлі медицинасын енгізу жұмыстары қарастырылды. Алдағы уақытта вакциналық дозану әзірлеу бойынша жұмыстар келісілді, - деді Ван И.

Қытай сыртқы істер министрі АӨСШК аясында да өзара тиімді жұмысты жалғастыру келісілгенін айтты. 

АӨСШК аясындағы жұмыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Ертең министрлердің кездесулері өтеді. Орталық Азияда бұл іс-шара алғаш рет өткізіліп жатыр. Қазақстан оның қожайыны ретінде жоғары деңгейде өткізеді деп үміттенемін, - деді Ван И.

Сапар аясында Қытай сыртқы істер министрінің  Мемлекет басшысының қабылдауында болып, Орталық Азия-Қытай форматындағы Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы