Үкімет отырысында экономиканың негізгі секторларының экономикалық көрсеткіштері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Серік Жұманғариннің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5,5%-ға өскен.
Аталған өсімге машина жасаудағы өндірісті 11,1%-ға, тамақ өнімдерін – 10%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін – 9,6%-ға, металл бұйымдарын – 14,6%-ға, құрылыс материалдарын – 8,6%-ға және химия өнеркәсібі өнімдерін – 7%-ға арттыру есебінен қол жеткізілді. Жоғары өсу қарқынын тау-кен өнеркәсібі сақтап отыр (+8,4%).
Бұл мұнай өндірудің 11,6%-ға және көмір өндірудің 11,7%-ға артуына байланысты. Сонымен қатар құрылыстың өсу қарқыны 18,4%-ға дейін жеделдеді. 7,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,6%-ға артық.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.