Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда қару иелерін бақылау күшейеді

Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Мәжіліс жекеменшік күзет ұйымдары мен қару иелеріне қатысты мемлекеттік бақылауды күшейтетін күзет қызметі туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабардайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәжіліс депутаттары бастамашы болды.

Заңға сәйкес азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы иелері қаруын тексеру атысы үшін тапсыруға тиіс. Бұл процедура уақытылы орындалмаған жағдайда, Ішкі істер министрлігі бірінші және екінші санаттағы рұқсаттардың күшін тоқтата тұрады.

Қару ұстайтын заңды тұлғалар өз қызметін тоқтатқаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қару мен оның патрондарын ішкі істер органдарына сақтауға тапсыруға міндетті болады.

Заңда сонымен қатар күзет қызметін ұсынушылар үшін жаңа міндеттемелер белгіленеді. Олар уәкілетті органға міндетті түрде есеп беруі, қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауға тиіс болады. Жеке күзет ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларына, сондай-ақ қарапайым күзет қызметкерлеріне міндетті талаптар енгізіледі.

Құжатқа «Әскерилендірілген теміржол күзеті» тұжырымдамасы енеді. Бұл – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі құрылым. Оның міндеті – транзиттік теміржол бағыттарында жүк пен заттарды үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету.

Түзетулерде құқық қорғау органдарының қарауындағы қару негізінде Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құруға мемлекеттік бақылау талаптары нақтыланады.

Өзгелердің жаңалығы