Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстанда қанша босқын бар екенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылға 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде пана іздеген 473 адам және 259 босқын тұрады.
Министрліктің дерегіне сәйкес, пана іздеушілердің 233-і Украинадан, 219-ы Ауғанстан, 21-і Ресей және 47-сі басқа елдерден келгендер. Сондай-ақ елген Ауғанстаннан 249, Украинадан 63, ҚХР-ден 6, Сириядан 6, Өзбекстаннан бір босқан келген.
Ынтымақтастықты дамыту және кеңейту мақсатында Еңбек министрлігі мен БҰҰ Босқындар комиссиясы жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияның нормаларымен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Ертаев брифингте.
Сонымен қатар босқындарға медициналық және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Комитет төрағасының сөзінше, пана іздеп жүрген адамдардың жаппай ағыны кезінде уақытша қоныстану пунктерін және оларды қабылдау тәртібін айқындау жөніндегі тиісті қағидалар бекітілді.