Қазақстанда қанша алтын мен мұнай қалды?

Қазақстанның геология саласында кезде уақытта маңызды оқиғалар болды.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 20:21
Кеше 2026, 20:21
524
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанның геология саласында соңғы кезде маңызды оқиғалар болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылы еліміздің тарихында алғаш рет бір мезетте 17 жаңа кен орны мемлекеттік есепке алынды. Олардың қатарында Көк-Жон, Алтын-Шоқо және Самомбет сияқты болашағы зор нысандар бар. Бұл барлау жұмыстары еліміздің бағалы металдар қорын айтарлықтай толықтырды. 

Мәселен, алтын қоры 136,9 тоннаға, күміс 152 тоннаға, ал мыс 74,4 мың тоннаға артты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы үшін маңызды фосфорит қоры 1,3 миллион тоннадан астам көрсеткішке ұлғайды.

Қазіргі таңда мемлекеттік есептегі жалпы байлық көлемі таңғалдырады. Елімізде 2369 тонна алтын, 4,3 миллиард тонна мұнай, 3,8 триллион текше метр газ және 33,5 миллиард тонна көмір қоры бар. Минералдық-шикізат базасының жалпы саны 10 мыңға жуық кен орнын қамтып отыр, оның ішінде тек жер асты суларының өзі 4900-ден асады.

Мемлекет алдағы үш жылда геологиялық барлау жұмыстарына 240 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл қаржыландырудың ерекшелігі — кен орындарын сатудан түскен бонустардың жартысы тікелей жаңа іздеу жұмыстарына бағытталады. Басты стратегиялық мақсат — 2026 жылға дейін ел аумағының 2,2 миллион шаршы шақырымын толық зерттеу. 

Бұл ретте мамандар 1:50 000 масштабындағы егжей-тегжейлі карталауға көшуде. Мұндай тәсіл болашағы бар учаскелерді ерте кезеңде анықтауға және инвесторларға нақты деректер беруге мүмкіндік береді. Бұл ірі жобаларды жүзеге асыруға «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» сияқты ұлттық компаниялар жұмылдырылмақ.

Наверх