Қазақстанда пастерленген түйе сүтіне арналған жаңа стандарт әзірленді

Жаңа стандарт қазақстандық пастерленген түйе сүтін Таяу Шығыс елдеріне экспорттауға жол ашады. Өнім сапасына қойылатын талаптар да қатаңдатылады.

 ©BAQ.KZ архиві 14 Қазан 2026, 13:08
14 Қазан 2026, 13:08
105
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда ғылыми зерттеулер негізінде пастерленген түйе сүтіне арналған стандарт әзірленді. Жаңа талаптар отандық өнімді Таяу Шығыс елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Александр Раззаренов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, саумалға арналған стандарт бұған дейін бекітілген. Ал биыл ғылыми зерттеулердің нәтижесінде пастерленген түйе сүтіне қатысты жаңа стандарт әзірленген.

Бұл стандарт аталған өнімді Таяу Шығыс елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді, – деді Александр Раззаренов.

Ол отандық өнімнің сапа көрсеткіштері сауда серіктестеріндегі ұқсас өнімдерге қойылатын талаптардан жоғары екенін атап өтті. Жүргізілген сынақтар да қазақстандық өнімнің сапасы жоғары екенін көрсеткен.

Осыған байланысты енді өнім сапасын нормалау талаптары қатаңдатылады. Мамандардың пікірінше, бұл отандық түйе сүтінің бәсекелестік артықшылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Наверх