Қазақстанда өзбекстандық 6 мыңға жуық студент оқиды

Бүгiн, 14:21
118
Бөлісу:
Қазақстанда өзбекстандық 6 мыңға жуық студент оқиды
Фото: pixabay.com

Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның білім салалары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жастарды жақындата түсетін маңызды бастамаларды талқыладық. Жыл сайын ел жастарының конгресін өткізу дәстүрге айналған. Қазір Қазақстанда Өзбекстаннан келген 6 мыңға жуық студент оқып жатыр. Қазақ жастары да Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Бүгін Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы ашылды. Алматыда "Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты" филиалы өз жұмысын бастады. Біз осы оқу орындарды салтанатты түрде аштық, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың сөзінше, бұл бастамалар екі бауырлас халықтың ортақ игілігі үшін жасалып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев Өзбекстан басшысын "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы