Қазақстанда өңірлік өлшемдегі гендерлік мәселелер бойынша курс өткізілді

15 Сәуір 2022, 21:24
1652
Бөлісу:
Қазақстанда өңірлік өлшемдегі гендерлік мәселелер бойынша курс өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өңірлік өлшемдегі гендерлік мәселелер бойынша курс өткізілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Алматы қаласындағы Ұлыбритания Елшілігімен бірлесіп әскери қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге әйелдердің қатысуын ұйымдастыру сабақтарын ұйымдастырды. Білім алушылар қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан күштік құрылым өкілдері бар.

Курс барысында Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік дайындық орталығының қазақстандық нұсқаушылары баяндама жасады.   

Қазіргі дәуір шындығы мемлекеттердің жан-жақты ілгерілеуі көбінесе әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың әлеуетін толыққанды іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға байланысты.   

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумында атап өткендей, Қазақстан әйелдерді қолдауға бағытталған прогрессивті саясатты дәйекті түрде жүргізіп келеді. 2021 жылы адам құқықтары саласындағы алдағы уақытта өткізілетін шаралар туралы Жарлыққа қол қойылды. Оның негізгі бағыттарының бірі гендерлік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Биыл Мемлекет басшысы әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюды, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді көздейтін адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы алдағы өткізілетін шаралардың жоспарын бекітті. 

Сондай-ақ бағдарламада «БҰҰ-әйелдері» құрылымының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Мария Доценконың баяндамасы және Ұлыбритания Қарулы күштерінің гендерлік мәселелер жөніндегі әскери консультантының онлайн-қосылуы көзделген. 

Өңірлік курс 11-15 сәуір аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған жанжалдардың алдын алу мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу және оларды қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша қарарларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2022-2025 жылдарға арналған жоспарын орындау шеңберінде өтеді.

Өзгелердің жаңалығы