Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін "Бірыңғай кадрлық жүйе" енгізілуде

Кеше, 16:00
104
Бөлісу:
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін "Бірыңғай кадрлық жүйе" енгізілуде
Фото: Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кадрлық қызмет мамандарына арналған бейнеконференция форматында таныстыру сессиясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Бірыңғай кадрлық жүйе" ақпараттық жүйесі өткен жылы пилоттық режимде іске қосылған болатын. 

Тәжірибе көрсеткендей, бұл жүйе кадрлық жұмысты құрылымдап, автоматтандыруға және оны бірыңғай стандарттарға келтіруге көмектесті. Енді бұл жүйе барлық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдарының жұмысына енгізілмек.

Жүйе әзірлеушілері мамандардың барлық сұрақтарына жауап берді. Жақын арада осы жүйеде жұмыс істеу бойынша оқыту ұйымдастырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы