Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда медициналық ұйымдардың 60%-дан астамы ұлттық аккредиттеумен қамтылады

Кеше, 08:11
330
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Қазақстанда медициналық ұйымдардың ұлттық аккредиттеуден өтуге қызығушылығы артып келеді. Қазіргі таңда 752 медициналық ұйым аккредиттелген, бұл жалпы ұйымдардың 57,9%-ын құрайды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 557, ал 2023 жылы 447 болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Аккредиттеуге ынталандырудың негізгі тетіктерінің бірі – медициналық қызметтерді сатып алу кезінде аккредиттеудің бірінші немесе жоғары санаты бар ұйымдарға ұзақ мерзімді шарттардың берілуі. Бұл медициналық көмектің сапасын арттырып, тең бәсекелестік жағдай қалыптастырады.

Медициналық ұйымдарды кеңінен қамту мақсатында стоматологиялық ұйымдарға арналған жаңа аккредиттеу стандарты әзірленді. 2026 жылы гемодиализ, психикалық денсаулық, фтизиопульмонология және басқа да бейінді медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттарын әзірлеу жоспарланып отыр.

2026 жылға қарай медициналық ұйымдардың кемінде 60%-ын ұлттық аккредиттеу жүйесімен қамту көзделген. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы