Қазақстанда күн жылынады

2 наурыздан бастап циклон келіп, қар, жаңбыр және ауа температурасының көтерілуі күтіледі.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 15:28
Бүгiн 2026, 15:28
417
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК  синоптиктері 28 ақпан, 1 және 2 наурыз күндеріне арналған болжамды жариялады. 2 наурыздан бастап циклон келіп, қар, жаңбыр және ауа температурасының көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыстың ызғары әлі сақталады
 
Мамандардың айтуынша, күнтізбе бойынша көктем жақындағанымен, қыс өз ықпалын әлсіретер емес. Ел аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерін жалғастырып, жауын-шашынсыз, аязды ауа райын сақталады.
 
2 наурыздан бастап өзгеріс күтіледі
2 наурыздан бастап Қазақстанның батысынан циклон жылжи бастайды, - деп хабарлады синоптиктер.
Соның әсерінен:
• қар жауып, боран соғады;
• оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі;
• жел күшейеді;
• ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
 
Осылайша, алдағы күндері елде аяз сақталғанымен, демалыс соңына қарай жылымықтың белгілері байқала бастайды.
 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанда ауа температурасы күрт құбылып, бірнеше өңірде тарихи максимумдар тіркелді. Соның ішінде 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңартылды. Аномальды жылымықтың орнын артынша қатты аяз басты.
Наверх