Қазақстанда кондитерлік өнімдер өндірісі 7,3% өсті

Кеше, 14:12
254
Бөлісу:
Қазақстанда кондитерлік өнімдер өндірісі 7,3% өсті
Фото: pixabay.com

2024 жылғы қаңтар-қараша айларында 33,7 мың тонна кондитерлік өнімдер, оның ішінде тәтті тоқаштар мен ұннан жасалған өнімдер өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,3%-ға артып, 31,3 мың тоннадан 33,7 мың тоннаға дейін жетті.

Сондай-ақ былтырдың 10 айында шоколад өнімдері мен шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер импортының өскені байқалады. Бұл тауарлардың импорты 5,4%-ға артты, 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы 98,2 мың тоннадан биылғы жылы 103,4 мың тонна болды.

Айта кетейік, 2024 жылдың 10 айында импорттық шоколад өнімдерінің үлесі 58% құрады.

Бұл ретте кондитерлік өнімдер экспорты 9,7% өсті. 2024 жылдың осы кезеңінде 32,4 мың тонна тәтті өнімдер экспортталды.

2024 жылдың 10 айында ішкі нарықта 145,9 мың тонна шоколад және кондитерлік өнімдер сатылды.

Өзгелердің жаңалығы