Қазақстанда көлік жасау саласында қандай өзгерістер болып жатыр?

23 Мамыр 2024, 17:42
502
Бөлісу:
Қазақстанда көлік жасау саласында қандай өзгерістер болып жатыр?
Фото: midjourney

Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева алдағы жылдары автокөлік саласында 7,3 мың жұмыс орны құрылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда бұл саланы дамыту, сыртқы факторларға тәуелділікті төмендету үшін өндірісті оқшаулау (локализация) үлесін ұлғайту қажет. Айта кетсем, біздің Одақ мүшелері айтарлықтай жұмыс атқарды және атқарып та жатыр. Мәселен, 2024 жылдың ақпан айында Қазақстанның Автокөлік одағы бір үстелге шетелдік және қазақстандық автокөліктер мен автокомпоненттер өндірушілерінің, әлеуетті инвесторлардың, шағын және орта бизнестің өкілдері, сондай-ақ министрліктердің басшылары жиналған алаңды ұсынып, үлкен форумды өткізді, - деді Анар Мақашева.

Мақашева форумда отандық өндіріске арналған компоненттерді сертификаттау және гомологтау мәселелері талқыланғанын, сондай-ақ қазақстандық өндірушілер жұмысқа қабылдаған ынтымақтастық туралы бірқатар меморандум жасалып, қол қойылғанын атап өтті.

Мәселен, "HILL Corporation" ЖШС-гі жағармай материалдарын, "Қайнар АКБ" ЖШС-гі аккумуляторлық батареяларды, "Азия-СМ" ЖШС-гі технологиялық сұйықтықтарды, "Вектор Павлодар»"ЖШС-гі құйылмалы алюминий дискілерін, "Бристоль" ЖШС-гі ауа сүзгілерін, "DS Company" ЖШС-гі шыны талшықты қаптау "Казэнергокабель" АҚ-ы автокөлік кабельдерін сияқты өндіруде. Осы аталған компоненттерді қазіргі уақытта отандық автоөндірушілер қолдануда. Бұдан басқа, қазіргі уақытта шетелдік автоөндірушілерден сертификат алған төрт зауыт салынуда: SLP-лак-бояу материалдарын шығаратын компания, Kazakhstan Mobility Engineering - мультимедиялық жүйелер өндірісі, Vehicle Almaty – автокөлік орындықтарының өндірісі және "Автопласт технологиясы" - пластикалық бөлшектер мен полиуретанды кілемшелер өндірісі. Осы өндірістерді пайдалануға беру жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Мақашеваның дерегінше, бүгінгі таңда автокөлік жасау саласында 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 4 мыңға жуығы саланың оқытылған техникалық кадрлық құрамы.

Алдағы жылдары салада қосымша 7,3 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Қазақстанның Автокөлік одағы бұл жұмыстарды одан әрі жағастыратын болады, - деді Анар Мақашева.

Өзгелердің жаңалығы