Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда көлік саласында цифрлық трансформация картасы бекітілді

Бүгiн, 12:17
107
Бөлісу:
 transport
Фото: transport

Қазақстанда көлік саласының цифрлық трансформация картасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Конюшкин Үкімет отырысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Көлік министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірге көлік саласының цифрлық трансформация картасын бекітті, – деп атап өтті вице-министр.

Құжатта нақты мақсаттар қойылған:

  • 2027 жылға дейін 10 халықаралық әуежайда биометриялық сәйкестендіруді іске қосу;
  • теміржол бағыттарының 55 пайызына интеллектуалды жүйелер енгізу;
  • 2029 жылға қарай автокөлік өткізу пункттерінде «жасыл дәлізді» толық енгізу.

Бұл шаралар шекарадан өту уақытын қысқартып, жүк пен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады және транзиттік әлеуетті күшейтеді, – деді ведомство өкілі.

Өзгелердің жаңалығы