Қазақстанда көктемде автогаз қымбаттайды

5 Наурыз 2024, 18:24
472
Бөлісу:
Қазақстанда көктемде автогаз қымбаттайды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның алқа отырысынан кейін өткен брифингте сұйытылған мұнай газының, яғни автогаз бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден "Қазақстанда газ бағасы қашан және қанша теңгеге көтерілуі мүмкін" екенін сұрады.

Бұл жерде біз жүйелі жұмыс туралы айтып отырмыз. Біз сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын көтеруді жоспарлап отырмыз. Биыл шамамен 5-8 теңгеге көтеру жоспарда бар, ол өңірлерге байланысты болады. Министрліктің жоспарында өсім көктемде тұр, - деді Алмасадам Сатқалиев.

Бұған дейін Сәтқалиев сұйытылған мұнай газының еліміздегі бағасы 54-86 теңге екенін хабарлаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы