Қазақстанда киіктерді атуға қайта тыйым салынды

12 Ақпан 2024, 15:36
957
Бөлісу:
Қазақстанда киіктерді атуға қайта тыйым салынды
Фото: gov.kz

Қазақстанда киіктерді атуға тыйым салынды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте Үкімет сағатынан кейін журналистерге берген сұқбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство басшысының айтуныша, Қазақстанда киіктердің санын реттеу тоқтатылды.

Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сол себепті 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық, - деді министр кулуарда.

Алайда Нысанбаевтың сөзіне қарағанда, келесі жылы киіктердің санын реттеу қайта басталуы мүмкін.

Айта кетейік, бүған дейін америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстан үкіметіне алғыс айтқан еді. 

Былтыр қазанда министрлік киік санын реттеуге қатысты мәлімдеме жасаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы