Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда киік саны қайта реттелетін болды

28 Маусым 2025, 14:52
902
Бөлісу:
 Экология министрлігі
Фото: Экология министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің санын реттеу шараларын қайта бастау туралы шешімді ресми түрде растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр бұл шешімді Батыс Қазақстан облысындағы фермерлермен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадам ғылыми деректер мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып қабылданған.

 Ғылыми қорытындыларға, фермерлердің ұсыныстарына және әлемде жекелеген жануар түрлерінің санын реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, киік популяциясын реттеу туралы шешім қабылданды, – деді Ерлан Нысанбаев.

Реттеу қалай жүзеге асырылады?

  • Киік санының таңдамалы реттелуі «Охотзоопром» арқылы жүргізіледі
  • Эпизоотикалық мониторинг пен ветсанитарлық бақылау енгізіледі
  • Киіктерді қабылдау және өңдеу пункттері дайындалады
  • Процеске ауыл шаруашылығы және экология министрліктері, сондай-ақ жергілікті әкімдіктер қатысады.
Өзгелердің жаңалығы