«Қазақстанда инфляция үдеп барады. Наурызда 10%-ға жетті...»

2 Сәуір 2025, 16:04
4315
Бөлісу:

Наурыз айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 10%-ға жетіп, баға өсімінің қарқыны үдей түсті. Бұл көрсеткіш өткен айлармен салыстырғанда өсіп отыр. Қазіргі инфляциялық қысым экономикаға елеулі әсерін тигізуде және халықтың сатып алу қабілетіне ықпал етеді.

Азық-түлікке қарағанда қызметтер мен тұрмыстық тауарлар бағасының күрт өсуі байқалады. Бұл тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, медицина, білім беру және көлік тарифтерінің қымбаттауымен байланысты.

«Қазақстанда инфляция үдеп барады. Наурызда 10%-ға жетті...»

Баға ақылы қызметтерге бір жылда 14,3% (2025 жылғы ақпанда – 14,1%), азық-түлік емес тауарларға – 9,1% (2025 жылғы ақпанда – 8,7%), азық-түлік тауарларға – 7,6% өсті (2025 жылғы ақпанда – 6,5%).

Қазақстан Ұлттық банкі биылғы инфляция деңгейі 10-12% аралығында қалыптасуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш қазіргі инфляциялық қысымның сақталып отырғанын және бағаның өсу қарқыны әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы