2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 848 бірлік болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 92 бірлікке артық. Оның 2215-і – қала аумағында, қалған 1633-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Оның ішінде (2022 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда):
- Мейрамханасы бар қонақ үй – 751 (-48)
- Мейрамханасыз қонақ үй – 1450 (+42)
- Демалыс үйі – 96 (+9)
- Демалыс пансионаты – 28 (0)
- Балалар лагері – 110 (-1)
- Туристік база – 52 (0)
- Кемпинг – 38 (+4)
- Хостелдер – 111 (+35)
Орналастыру орындарының ең көп саны дәстүрлі түрде Алматы қаласы – 337 және Жетісу облысында - 334. Ең азы Ұлытауда – 24 орын.