Қазақстанда Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленіп жатыр

8 Ақпан 2022, 11:41
3249
Бөлісу:
Қазақстанда Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда Халықтың табысын арттыру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Азаматтарды әлеуметтік қолдаудың тиімділігін одан әрі арттыру шеңберінде  Әлеуметтік кодексі қабылданады. Қазіргі уақытта  «Қазақстан Республикасы азаматтарының  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру  және банкроттық туралы» заң жобасы әзірленді, - деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзінше, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы дайындалып жатыр. 

700 мың адамды жұмыспен қамту үшін  қажетті жағдай жасалады. Іскерлік бастамаларды жүзеге асыру аясында  20 мың жастар өкілдері мен  халықтың осал топтарына арналған гранттар мөлшері  400 айлық есептік көрсеткішке дейін,  яғни 2 есеге ұлғайтылады, - деп түсіндірді Премьер-министр.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, отандық кадрларды,  әсіресе жастарды жұмысқа орналастыру басымдығын ескере отырып,  шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі  өзгертіледі.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» атты іс-қимыл бағдарламасын әзірленгенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы